Түркістан облысында жұрттың адал малын ұрлап сатқан екі бірдей қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер Ордабасы мен Арыс ауданының тұрғындарына 18 млн теңге шығын келтірген. Олардың бірі – бұрын мал ұрлағаны үшін сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны екен. Қалғандары бір-біріне туыс болып келетін Ордабасы ауданының тұрғындары. Бүгінге дейін күдіктілер 26 бас жылқы ұрлаған. Малды сойып, етін базарға өткізіп отырған. Сондай-ақ етті сатып алып отырған әйел де ұсталды. Дәл осындай мал ұрлығымен айналысқан үш адамнан құралған екінші қылмыстық топ Арыс ауданында қолға түсті.