Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Жайсыз жайт Саран-Шахан тас жолында болған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, темір тұлпардың сау тамтығы қалмай мыжылғанын анықтаған Арнайы құралдардың көмегімен дереу зардап шеккен көлік иесін құтқаруға кірісті. Кейіннен оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.