Ұлытау облысында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар қымбат металл қорытпаларын ұрлаған. Қылмыскерлерді құрықтау үшін ІІМ-нің қызметкерлері Қазақмыс корпорациясының қауіпсіздік қызметімен күш біріктірді. Нәтижесінде күдіктілер кәсіпорыннан 6,5 млн теңгенің өнімін ұрлау кезінде ұсталды. Айта кетсек, қылмыстық топтың құрамында кәсіпорын қызметкерлері де болған. Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.