Енді Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі өкілдерімен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар Оңтүстік Кореядағы еңбекке рұқсат беру жүйесіне Employment Permit System енгізу мәселелерін талқылады. Бұл - Қазақстан азаматтарының еңбек шарттары аясында Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйе. Оны қос тарап та қолдап отыр. Бүгінде бұл бойынша Алматы қаласында Кореяда жұмыс істегісі келетін ел азаматтарын кәсіптік және тілдік даярлау бойынша көпсалалы орталық құрылып жатыр