Елімізде зейнетақы қорының салымшылары «Отбасы банкіне» ағылып, бөлімшелерде бұрын-соңды болмаған кезек қалыптасқан. Көбі қордағы ақшаларын несиеге алатын баспанасына немесе депозитке аударуға асығып жатыр. Өйткені келесі жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалатын қаражаттың шекті мөлшері екі есеге дейін өседі. Адам қарасының көптігінен банк штаттан тыс қызметкерлерді қатарға қосып, демалыс күндері де жұмысқа шығуда екен.