Түркістан
EN

Үйінде есірткі сақтаған

81
01.10.2024

Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының үйінен есірткі табылды. Аталған дерек “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. 41 жастағы ауыл тұрғынының үйін тінту кезінде өсімдік тектес бұталар мен 14 полимерлі пакет, сондай-ақ құрамында ұқсас заты бар 6 шыны банка және 2 қағаз орамы тәркіленді. Салмағы 1,5 келіден асатын ұнтақ кептірілген марихуана және бір келіге жуық кептірілген қарасора өсімдігі болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.