Елімізде білім ошақтарында жаңа челлендж басталды. Оқу-ағарту министрлігінің 5 қазан - Ұстаздар күніне орай өткізгелі отырған шарасы «Даналық ұстаздан» деп аталады. Ол педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ елімізде «Қалықта, әнім, Ұстазым деп!» тақырыбында челлендж өтеді. 3 қазан күні сағат 12:00-де білім беру ұйымдарының оқушылары «Ұстазым» әнін бір мезгілде орындайды. Атқарылар шара елімізде мұғалімдер мәртебесін одан әрі дамытуға бағытталған.