Түркістан
EN

Президент ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

66
01.10.2024

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен қытай халқын ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтады. Мемлекет басшысы құттықтауында ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қытайды әлемдегі көшбасшы, әрі жаһандық орнықты дамуға, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған қуатты мемлекет ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас қытай халқына бақ-береке тіледі.