Түркістанда триатлоннан Азия және Қазақстан кубогы өтті. Дода жаңадан салынған ескек есу каналында болды. Тартысты өткен сайысқа Сингапур, Иран, Белоруссия, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстаннан барлығы 36 спортшы қатысып, бас жүлдені сарапқа салды.