Түркістанда жас қаламгер Жәмиля Бахтиярқызының «Бәйшешек» атты тұңғыш кітабының тұсаукесері өтті. Автор 10 жасында ауыр дертке ұшырап, кеселмен 10 жыл бойы күресіп, жеңіп шыққан. Күрес, сенім, жеңіс атты үш тараудан тұратын мотивациялық кітапқа жас қыздың дертпен күрестегі қайраттылығы, өмірге деген құштарлығы, адамзатқа деген мейірімі арқау болған. Туынды арқылы жас қаламгер ауыр кеселге шалдыққан жандарға өмір үшін күресу, ғажайыпқа сену керек деген ой салады. Жиын барысында мектеп оқушылары автордың шығармасынан үзінділер оқыды.