Түркістан
EN

«Есірткісіз жарқын болашақ» форумы өтті

207
30.09.2024

Кентау қаласында жыл басынан бері 5 келі есірткі тәркіленіп, жойылған. Бұл туралы «Есірткісіз жарқын болашақ» атты форумда айтылды. 500 адам қатысқан жиын қалалық прокуратура мен полиция бөлімінің бірлескен бастамасымен, жергілікті әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты — қоғамды нашақорлықтың зияны туралы хабардар ету және есірткі заттарының таралуына қарсы бірлескен әрекеттерді талқылау.