Түркістан
EN

Әуезов университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталды

201
30.09.2024

Шымкентте Әуезов университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Экономикалық тергеу департаменті оқу ордасының басшысы ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаевтың айтуынша, күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Университет сайтында Қайрат Нұрманбетовтың лауазымын бұрынғысынша «Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректор» деп көрсетілген. Ол оқу ордасында 2018 жылдан бері жұмыс істеп келген.