Түркістан облысының Қазығұрт ауданында тұрғындар жаңа төселген жол сапасына шағым айтуда. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада, жол жабынының жұқалығы, оны тұрғындар қолмен жамауға тырысып жатқаны көрінеді. Жазбаға сенсек, жағдай Қазығұрт ауданы Тесік төбе ауылының маңындағы жолға қатысты. Мәселенің мән-жайын білмекке облыстағы жауапты басқарма басшысына арнамыздың тілшілері сауал жолдаған болатын.