Түркістанда 100-ге жуық оқушы қатысқан дебат өтті. Оған 17 аудан қаладан тек 9-сынып оқушылары жиналған. Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен сайыс «Respublica» партиясының қолдауымен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен «Ozgerteam» қоғамдық қорының бірлесуімен ұйымдастырылған. Мұндағы мақсат - ел жастарының зияткерлік қабілеттерін ашу, оқушыларды тапқырлыққа, шешендік өнерге баулу. Сондай-саяси сауатын артыруға бағытталған. Олар "Жеке меншік мектептердің пайдасы", "Жасанды интеллект" және қоғамдағы түрлі өзгерістер жайлы пікірлерін ортаға салады. Пікірсайыс нәтижесінде Сарыағаш ауданынын келген шешен оқушылар жеңіске жетті. Олар Республикалық дебат ойынына жолдама алды.