Кеденнен заңсыз тауар өткізген. Түркістан облысында саланың қызметкерлеріне осындай айып тағылып, негізсіз жаза қолданылған. Сосын құқығы тапталған 5 бірдей маман облыстық мемлекеттік қызмет істері агенттігінің көмегіне жүгініпті. Нәтижесінде тәртіптік жаза қолданылған мамандар мен жұмыстан босатылған 3 қызметкердің құқығы қайта қалпына келтірілді. Сондай-ақ, кірістер департаментіне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, аталған олқылықтар бойынша жауаптыларға сөгіс берілген.