Биыл Түркістан облысынан Солтүстік Қазақстан облысына 110 отбасы қоныс аударды. Теріскейге көшкен азаматтар қазір түрлі салада еңбек етіп жатыр. Олардың арасында мемлекеттік бағдарлама арқылы қоныс аударғандар ғана емес, дипломын ала сала солтүстікке ат басын бұрғандар да бар. Кейіпкерлеріміздің бірі – көшіп келушілерге кеңес беруші маман болса, екіншісі – балалар дәрігері болып қызмет атқаруда.