Орал қаласында қылмыстық топ өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, студенттен 500 мың теңге бопсалаған. Қазір күдіктілер қамауға алынды. Соңғы 3 күнде елімізде осындай тағы екі қылмыстың жолы кесілді. Мәселен Шымкент қаласында екі тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар жәбірленушінің ақпаратын таратамыз деп, 1 миллион теңге бопсалаған. Ал, Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыстық топ ғимарат жертөлесінде жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, сегіз миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ оның автокөлігін де тартып алмақ болған.