Мемлекет басшысы Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты. Кешен арнайы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған. Онда "Қоғамдық келісім" мекемесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі мен Аналар кеңесі және аймақтағы 11 этномәдени бірлестіктің өкілдіктері орналаспақ.