Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны әлі жалғасуда. Биыл жаз айларында тоқтаусыз жауған жауынға байланысты жиын –терім созылып кетті. Дегенменде соңғы бірнеше аптада өңірде ауа -райы тұрақталып, диқандар алажаздай баптаған астықты жинап жатыр. Бүгінде аймақта сары алтынның 80 процентке жуығы орылды. Егіннің шығымы, сапасы қандай? Бұл жайында Самат Қайырденұлы сабақтасын.