Түркістан
EN

ТМД-ның Салықтық тергеу органдары басшылары кездесті

229
27.09.2024

Алматы қаласында ТМД елдерінің Салықтық тергеу органдары басшыларының отырысы өтті. Қатысушылар ұйымға мүше елдердегі салықтық тергеу органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін және алдағы жұмыс жоспарларын талқылады. Делегация басшылары цифрлық активтерді, криптовалюталарды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарға, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа, қаржылық пирамидаларға қарсы күрес бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, олар экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларын талқылады.