Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Мемлекет басшысы ең алдымен бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Осыдан кейін президент аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көрді. Мемлекет басшысының Түркістанға сапары туралы толығырақ әріптесім, Ақдариға Мұхаддас айтып берсін!