Түркістан
EN

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

120
27.09.2024

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Президентке ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады деп жоспарланған.