Түркістан
EN

Жолғабас елді мекеніне табиғи газ берілді

294
27.09.2024

Түркістан облысында тағы бір елдімекен табиғи газға қосылды. Бәйдібек ауданы Жолғабас ауылындағы 67 үйдің тұрғыны енді көмір тасып, күл шығармайтын болды. Айта кетсек, қазіргі таңда облыс халқының 81,5% көгілдір отынмен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан.