Түркістан
EN

Құзырлы орган өкілдері 975 мың долларды өртеп жіберді

163
08.12.2021

Алматыда жалған ақша жасап келген күдікті қолға түсті. Мамандар оны тінту кезінде 293 мың доллар көлемінде қаржы тапқандарын айтады. Кейін әлгі адамның үйін тексергенде бас-аяғы 975 мың доллар қолдан жасалған купюраларды тәркілепті. Құзырлы орган өкілдері оның барлығын бүгін өртеп жіберді. Мамандардың айтуынша, жасанды валюта өндірісі – табыстылығы жөнінен есірткі бизнесімен бәсекелесе алатын аса қауіпті көлеңкелі іс. Бұл сала жыл өткен сайын ілгерілеп барады. Мысалы, доллар бүгінде арнайы полиграфиялық жабдықпен жасалады. Оның көбін шын доллардан әдетте банкте, тек мамандандырылған техника көмегімен ғана айыруға болады.