Түркістан
EN

2000 жылдық тарихы бар ғибадатхана орны зерттелуде

155
27.09.2024

Түркістан облысында 2000 жылдық тарихы бар ғибадатхана орны табылды. Қазба жұмыстары Созақ ауданы, «Қызылкөл» тарихи-мәдени аймағында жүргізілген. Бұл аймақта 200-ден астам қорған мен Шошақтөбе деп аталатын ғибадатхана орналасқан. Археологтардың болжамынша, онда діни ғұрыптар өткізілген. Ескерткіштің 2022-2024 жылдардағы стационарлық қазба барысында  шамамен үштен бір бөлігі ашылған екен. Мамандар ғибадатхананың архитектурасы күннің шуағы тәрізді болып келгендігін  анықтап, 10-ға жуық трапеция тәрізді үшбұрышты және тікбұрышты шағын бөлмелерді ашқан. Сонымен бірге ыдыс, құмыра, тостаған да табылып отыр.