Түркістан
EN

Республикалық қолөнершілер жәрмеңкесі өтті

159
27.09.2024

Отырар ауданында республикалық қолөнершілер жәрмеңкесі өтті. Бұл жергілікті және халықаралық деңгейде қолөнердің мәртебесін көтеруге, мәдени бірегейлік пен дәстүрлі қолөнерді сақтауға бағытталған.  Аталған сайысқа еліміздің барлық  аймақтарынан 30-дан астам қолөнерші  қатысқан. Керамика және ағаш ұқсату өнерінің  шеберлері  «Жас дарын», «Ең креативті шебер» және  «Асыл ұстаз» номинациялары бойынша іріктеліп алынды. Жәрмеңкенің жабылу салтанатында қатысушы қолөнершілер жүлделі орындармен марапатталып, арнайы «Отырар» музей-қорығының ұсынған ынталандыру сыйлықтарында иемденді.