Көшпенділер ойынына кіретін ат спортының түрлері Түркістан облысында қарқынды дамып келеді. Қазір аудан орталықтары мен шалғай ауылдарда аударсыпақ, көкпар, теңге ілу сияқты ұлттық ойындар үйірмелері ашылған. Келес ауданында тұратын спорт шебері Мұратбек Әшірбаев дайындық алаңының жоқтығына қарамастан балаларды өз үйінде жаттықтырып жүр.