Түркістан облысының Төлеби ауданында су электр станциясы салынуда. Жоғарғы Ақсу ауылында іске асырылып жатқан жоба, тәулігіне 48 мың КВТ тоқ өндіре алады. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге. Құрылысы биыл көктемде басталған. Жауаптылардың мәлімдеуінше, су 35 метр биіктіктен құлап, тоқ шығаратын генераторды айналдырады. Инвестициялық жоба жүзеге асса, тұрғындар үшін тұтынатын электр жарығының бағасы қазіргі тарифтен төмен болмақ. Сондай-ақ мұнда жергілікті 10 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.