Түркістан
EN

Елімізде жұмыспен қамтылған жастар саны өсті

43
27.09.2024

Жұмыспен қамтылған жастардың саны 3,6 млн-ға жетті.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жастардың 46%-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, 48%-да техникалық кәсіптік білімі бар. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жастардың ең көбі көтерме және бөлшек саудада жұмыс істейді. Ал автокөлік жөндеу бойынша 643 мың адам, білім беру бойынша 438 мың, өнеркәсіп бойынша 416 мың жас еңбек етіп жүр.