Түркістан
EN

Президент Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

51
27.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент құттықтау жеделхатында Ашхабадтың мемлекеттілікті нығайтудағы жарқын жетістіктеріне тоқталып, Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның Түрікменстанмен екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екенін жеткізді.