Түркістан облысы шағын және орта кәсіпкерлер саны бойынша республикада үшінші орында. Аймақта 300 мыңға жуық адам аталған салада жұмыспен қамтылған. Ал олардың өндірген өнім көлемі жыл басынан 390 млрд. теңгеге жеткен. Бұл әрине жақсы көрсеткіш. Дегенмен, салада мәселелер де жоқ емес. Негізсіз тексерулер, кәсіпкерлік мақсатта жерді заңдастыру әдетте қиындық тудырып жатады. Аталған мәселелер бүгін бақылау-қадағалау органдарының бизнес өкілдері алдында бірыңғай есеп беру күнінде кеңінен талқыланды. Толығырақ келесі сюжетте.