Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылы республикамыздағы "Ең мейірімді ауыл" номинациясы бойныша жеңімпаз атанды. "Қайырымды істер марафоны" ұлттық жобасында үздіктер қатарына ілінген ауыл Сырдың жағасында орналасқан. Бұл - осы елдімекенде өмір сүріп келе жатқан тұрғындардың о бастағы елдік қағидатына тікелей байланысты деп есептеймін дейді ауыл әкімі.