Түркістан
EN

Жамбыл облысында көлік жолаушысынан 12 келіден астам гашиш тәркіленді

84
26.09.2024

 Жамбыл облысында көлік жолаушысынан 12 келіден астам гашиш тәркіленді. “Қарасора – 2024” жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер Алматы – Қарағанды автожолында Toyota  автокөлігін тоқтатқан. Қызметтік иттің көмегімен көлікті тексеру барысында жүк салғыштан жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттардың салмағы 12 келі гашиш және 170 грамм каннабис екені анықталды. Оның қара нарықтағы құны – 7 млн теңгеге жуық. Күдікті кінәсін мойындап, қазір қамауға алынды.