Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады. Әңгіме барысында Президент Африка елдерімен ықпалдастықта оң динамика бар екен атап өтті. Сонымен бірге Руандамен арадағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту маңыздылығына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда қол қойылған Қазақстан мен Руанда арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімді жоғары бағалады. Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.