Науқастың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп болмаса, жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпейді. Кешелі бері осындай ақпарат тарап қоғамның наразылығын тудырған еді. Бүгін бұл шуға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева жауап берді. Оның сөзінше, бірқатар БАҚ жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндірген. Министрлік азаматтар үшін ештеңе өзгермейді деп отыр. Яғни жедел-жәрдемге қатысты бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды.