Түркістан
EN

«Таза бейсенбі» акциясы өтті

123
26.09.2024

Түркістан облысында «Таза қазақстан» жобасы жалғасып жатыр. Жоба аясында «Аманат» партиясы «Таза бейсенбі» акциясын қолға алған. Сәуір айынан бастап жүзеге асып келе жатқан игі іс бүгін Гауһар ана кесенесінің маңында жалғасты. Оған 100-ге тарта қоғам белсенділері мен қала жастары ат салысып отыр. Ондағы басты мақсат – өңірдегі 250-ге жуық тарихи-мәдени орындарды таза ұстап, табиғатты аялау, - дейді ұйымдастырушылар.