АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Бәйдібек ауданындағы бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесті. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев пен Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков бастаған штаб өкілдері еліміздің энергетикалық секторын трансформациялауға арналған бастамалар жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар электр қуаты қорына байланысты туындаған түйткілдерді қозғап, атом энергетикасының тиімділігі туралы ғалымдар мен сала мамандарының пікірлерімен бөлісті.