Түркістан
EN

Премьер-министр Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

40
26.09.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Ақтау теңіз сауда портында контейнерлік хаб салу жоспарымен танысты. Президент биыл маусым айында өткен кеңесте Маңғыстауда туризмді дамыту жөнінде бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Биыл аймаққа 215 мың турист демалуға келсе, салада көрсетілген қызмет көлемі 6,5 млрд теңгеге жеткен. 4 ірі инвестжоба жүзеге асты. Келешек Кендірлі курорт аймағында жылына 300 мың адам қабылдай алатын туристік қала салынбақ. Сондай-ақ Үкімет басшысы «ҚазАзот» мекемесінде болды. Кәсіпорын Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі болып табылады. Келешек мұнда ауыл шаруашылығы және тау-кен өндірісіне химиялық заттар өндіретін аммиак-карбамид кешенін салу жоспарда.