«Лудомания- қоғам дерті». Кентау қаласында бүгін құмар ойындарға қарсы облыстық семинар-тренинг өтті. Аталған шараға Түркістан облысының 17 ауданынан келген психологтар қатысып, осы тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы шараның мақсаты- тәуелді жастарды құмар ойынның құрығынан құтқару.