Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енген өзгеріс бойынша 582 мың қазақстандық қордағы ақшасын пайдалана алады. Ал 2022 жылы тек 150 мыңдай азамат зейнетақы қорындағы артық қаражатын тиісті мақсаттарға бағыттай алады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов мәлімдеді. Ол үшін белгіленген 3 санаттың біреуіне кіру керек. 3 санат деп отырғанымыз: зейнеткерлер, зейнетақы аннуитетіне қол жеткізгендер және бүгінде жұмыс істеп жүріп, жинақтарын жеткілікті шегінен асырған қор мүшелері. Ал жалпы осы айтылған 3 санатқа ел бойынша 582 мың қазақстандық кіреді.