Елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру орны анықталды. Күдіктілер 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамыр айына дейін майнингтік ферманың қызметін ұйымдастырған. Заңсыз өндіріске Астанадағы бір тұрғын алабынына қажетті электр қуаты кетіп отырған. Пысықай кәсіпкерлер жымысқы ісін қозғалқыштарды өңдеу орталығы түрінде жасырып келіпті. Тексеру кезінде 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен, оларды салқындатуға арналған құрылғылар және қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді.