Түркістан
EN

Ведомствоаралық комиссия мәжілісінде маңызды мәселелер қаралды

76
25.09.2024

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны 19,2 пайызға төмендеген. Дегенмен, жол апаты деректері жиі тіркеліп отыр. Аталған мәселе құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қаралды. Оған құқық қорғау органдары мен облыстық басқарма басшылары қатысты. Жиында баяндама жасаған облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдардың сапасын жақсарту, көлік жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары күшейтілген.