Түркістан
EN

1 қазаннан бастап елімізде пойыз билеттері қымбаттайды

85
25.09.2024

1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды. Бүгінде елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздар бар. Көп ұзамай олардың 62-інде тариф қымбаттамақ. Сол арқылы теміржолшылардың жалақасын көтеру жоспарлануда. Сондай-ақ, бағаның өсуі пойыздардың сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек. Себебі олардың тозу деңгейі 44%-ға жеткен. Айта кетейік, стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге көтеріледі. Ал тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды.