Қазақстанда мал саны ғана емес, құс саны да қолдан көбейтіліп келген. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметінше, бұл заңбұзушылықтар қожалықтар мен қосалқы шаруашылықтарға қатысты есеп жүргізу кезінде анықталыпты. Нәтижесінде, ірі қара мал 23%-ға, қой – 14%, ешкі – 20%, ал, үй құстарының саны 22%-ға азайған. Агенттік ұсынған кестеге сүйенсек, ірі қараның санын асырып көрсеткен өңірлердің қатарын Түркістан облысы бастап тұр. Нақтырақ айтсақ, әкімдіктің құжаттарында тіркелген 1 млн 21 мың 323 ірі қараны қайта есептеген кезде, 735 мың 300 ірі мал бар екені анықталған.