15 жылға жуық апатты жағдайда тұрған мектеп күрделі жөндеуден өтті. Түркістан облысындағы Қостөбе ауылында мектеп тапшылығы тек оқушыларды ғана емес күллі елдімекен халқын әбігерге салып келген. Себебі балалар көршілес ауылға барып білім алуға мәжбүр болыпты. Енді бұл мәселе артта қалды. Елді-мекен тұрғындарының қуанышына әріптесім Нұрдәулет Сыздықта ортақтасып қайтты.