Түркістан
EN

Ірі көлемдегі есірткі табылды

92
24.09.2024

Талдықорғандық  тұрғынынан ірі көлемдегі есірткісі тәркіленді. Облыстық прокуратурамен бірлесе атқарылған жедел іс-қимылдың нәтижесінде 34 жастағы тұрғын тұтқынға алынды. Күдіктінің көлігін тексеру барысында ерекше иісі бар ақ заттың қапшығы табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес оның «мефедрон» синтетикалық есірткісі екені анықталды. Салмағы 1 келі болатын есірткі 2000 дозаға тең, ал нарықтық құны 20 миллион теңгеге бағаланып отыр.