Атом электр станциясының құрылысына бөлінетін қаржының жартысы қауіпсіздік бағытына жұмсалады. Сондықтан халықтың алаңдауына еш негіз жоқ. Оған қолданылған су да ашық су айдынына құйылмай, өз ішінде өңделіп арнайы тоғанға төгіледі. Қазығұрт ауданына барған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері осылай деп отыр. Арнайы топ аудандағы бірнеше кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, Атом электр станциясын салудың ел экоомикасы үшін маңыздылығын түсіндірді.