Халықты төтенше жағдайдан қорғай алмағандар енді жауапқа тартылады. Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынатынын айтты. Біріншіден, құтқарушылардың арнайы киім-кешекпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қайта қаралуда. Сатып алынатын нысанды киімі сапалы және тапсырмаларды орындауға ыңғайлы қимыл қозғалысқа қолайлы болуы көзделеді. Екіншіден, сапалы арнайы автомобильдермен инженерлік техникалар, оның ішінде жүзу құралдарын, ұшақтар мен тікұшақтар сатып алу жүзеге асырылады. Біз ұшқыштарды түнде және қолайсыз ауа-райы жағдайында ұшуға оқытып үйретуді жоспарлап отырмыз, - деді ведомстово басшысы.