Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы тағайындалды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен бұл лауазымға Нұрдәулет Медеуов лайық деп танылды. Нұрдәулет Данабайұлы 1988 жылы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Елордадағы Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің «туризм» және Шымкенттегі оқу орындарының бірінде «экономика» мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ, Түркия республикасы, Ақтеңіз университетінің магистрі. «Туризм саласының үздігі» және «Үздік өңірлік бизнес-тренер» номинацияларымен марапатталған. Айта кетейік, ол бүгінге дейін облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.