Түркістан
EN

Елімізде 2028 жылға дейін 42 су қоймасы салынбақ

108
24.09.2024

Елімізде тасқынның алдын-алу мақсатында 42 су қоймасы салынады. Жаңа қоймаларға 2,6 млрд текше метрден аса су сыяды деп күтілуде. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Одан бөлек ескі су қоймаларына да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарындағы нысандар. Бұл істер алдағы 4 жылда атқарылмақ. Тозған қоймаларды жөндеу жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырылады.